AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміржолда өрт: Арыс тұрғындарын тағы эвакуациялап жатыр

Арыста өрт түтіні тұрғындарды шошытты. Инстаграм желісінде Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жүк вагонының контейнері өртенді. Әкімдіктің мәліметінше, бүгін, 6 тамызда Арыс теміржол вокзалының автотұрағы аймағында жүк вагоны өртенді.

"Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеуде. Тұрғындардың алаңдауына негіз жоқ", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өзінің Facebook парақшасында пікір білдірді.

Фото: Сәкен Қалқаманның Facebook парақшасынан

"Бүгін Арыс станциясында кешкі алты жарым шамасында Жамбыл облысынан Ресейге бара жатқан фосфоры бар екі контейнер өртенді. Облыстың және ауданның барлық төтенше күштері жұмылдырылған. Сары фосфор өте ұзақ уақыт бойы жанады және қатты түтін шығады. Жел бағыты өзгерген жағдайда, ықшам аудан тұрғындарының денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жақын аудан тұрғындары эвакуациялануда. Барлық эвакуацияланғандар ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Түнде қала мектептерінде түнейді. Жағдай бақылауда”, – деп жазды ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр