Теміртауда той қонақтары мониторингтік топтан егістік алқабы арқылы қашқан (видео)
Теміртаудағы мейрамхана иелері мониторингтік топ өкілдерін кіргізуден бас тартқан. Нәтижесінде той қонақтарының мейрамханадан қашқан видеосы желіде тарап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

9 тамызда 102 пультіне Металлургтер даңғылы бойында орналасқан Теміртаудағы Гранд холл мейрамханасында көпшілік жиналған іс-шара өтіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына мониторингтік топ келген. Тексерушілердің көзіне түспеу үшін қонақтар қызметтік кіреберістен шығып, далаға қашқан. Куәгер бұл әрекетті видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге орналастырды.
"Мониторингтік топ келген соң факт расталды. Алайда мекеме әкімшілігі ғимаратқа кіруге рұқсат беруден бас тартты. Келушілер мейрамханадан қосалқы кіреберіс (жертөле) арқылы жасырын түрде кете бастады. Мейрамхана иесіне 670 910 теңге айыппұл салынады", – деді Теміртау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлнұр Әбдіғалиева.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр