Теміртауда өгей қыздарын бірнеше рет зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
Теміртауда кәмілетке толмаған қыздарды зорлады деген айыппен өгей әкелері өмір бойына сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Іс Қылмыстық кодекстің 121-бабы "Сексуалды сипаттағы зорлық зомбылық-әрекеттері" бойынша қаралды.
"Айыпталушы А. Барлық баптар бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды", – делінген Қарағанды облыстық ауданаралық мамандандырылған сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Іс материалдарына сәйкес ер адам 2009 және 2012 жылдары туған қыздарды зорлаған. Бұл дерек 2021 жылдың қазанында болғаны айтылады.
"Жәбірленушілердің жас екенін және қарсылық көрсете алмайтынын біліп, дәрменсіз жағдайын пайдаданып, бірнеше рет сексуалды сипаттағы зорлық көрсеткен", – деп түсіндірді сотта.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"