Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда халық болып еміне ақша жинаған сәби шетінеп кетті

Теміртауда қатерлі дертке шалдығып, еміне бүкіл халық қаржы жинаған 11 айлық қыз бала шетінеп кетті. Балаға жамбас нейробластомасы диагнозы қойылған болатын. Отбасы ісік туралы бала төрт айға толғанда білді. 

Теміртауда халық болып еміне ақша жинаған сәби шетінеп кетті

26 қарашада еміне бүкіл халық ақша жинаған 11 айлық Данелия Байкенова қатерлі ісік ауруынан шетінеп кетті. Қатерлі дерт туралы белгілі болғаннан бастап, сәби тәбетін жоғалтып, ұйқысы нашарлаған. 

Отбасы қыздарын аман алып қалу үшін көп күш салып, келесі жеті айда дәрігерлер мен ауруханаларды аралаумен өткізді.

Өкінішке орай, Қарағанды, Теміртау және Нұр-Сұлтан дәрігерлері онкологиялық ауруды жеңе алмады. Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында жасалған алты курстық химиотерапия оң нәтиже бермеді. Неоплазма кеңейіп, метастаздар пайда болды.

Данелияның ата-анасы Блохин Мәскеу онкологиялық орталығының дәрігерлерімен байланысқа шығуға бел буады. Олар баланы емдеуге келісіп, Мәскеуге шақыртқан. Теміртаулықтар үшін үлкен сома жарияланды - шамамен 10 миллион теңге.

Сәбидің ата-анасы фандрайзинг жариялап, Қазақстанның түкпір-түкпірінен тұрғындар ақша аударуды бастады. Баланың өмірін сақтап қалуға үміт пайда болды. Алайда, ел болып, амандығын тілеп отырған сәбидің қысқа өмірі соңына жетіп, 26 қараша күні түстен кейін демі үзілді...

Талқылау