Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан тұрғыны қайтыс болғаннан кейін вакцинаның екінші компонентін "алды"

Бұл деректі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаменті COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған адамдар арасында коронавирустық инфекциядан болатын өлім-жітімді бақылау кезінде анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

вакцина

Теміртау қаласының 59 жастағы тұрғынында жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылғанға дейін вакцинаның бірінші компонентімен егілгені туралы белгісі болған. Бес күннен кейін бұл азамат COVID-19-дан қайтыс болды. Алайда ол қайтыс болған күннің ертеңінде дерекқорда ер адамның вакцинаның екінші компонентін алғаны туралы жазба пайда болды.

“Бұл, әрине, алғашқы вакцинаның алынғанына күмән тудырды”, – деп түсіндірді полиция департаментінің тергеу бөлімінің басшысы Алмаз Саламатов.

Медицина қызметкерлеріне қатысты іс ҚР Қылмыстық кодексінің 385 -бабы "Қызметтік құжаттарды қолдан жасау және сату" бойынша қозғалған. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша тергеу жүргізілуде. Тергеу барысы облыс ДП басшылығының бақылауына алынды.


Теміртау қаласының тұрғыны дәрігерлерді қайтыс болған күйеуінің алтын бұйымдарын ұрлады деп айыптады

Талқылау