Теміртау қаласындағы мектептердің бірінде мұғалімдер мен оқушылар дәлізге сыймай қалды
Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы №19 мектепте кәсіби мерекесін тойлауға асыққан мұғалімдер мен олардың оқушылары дәлізге сыймай қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Патриот Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Бейнеден алынды
Оқушылар мен мұғалімдер тар дәлізге қысылып, соңы төбелескен ұласқан. Кәсіби мерекелерін тойлауға асыққан мұғалімдер сабақты қысқартқан. Мектеп әкімшілігі телефон арқылы сабақтың қысқартылғанын растады.
"Мектеп басшылығы екі ауысымда сабақты қысқарту туралы шешім қабылдады. Түскі астан кейін сабақ болмайды", - деп хабарлады мектеп әкімшілігі.
Бейнежазбадан балалардың "мен тұншығып барамын" деп айқайлаған дауысын естуге болады.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда