Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Темекі шегу коронавирусты асқындырып, өлім қаупін арттыратыны анықталды

АҚШ-тағы Кливленд емханасының ғалымдары темекі түтінінің жиынтық әсері ауруханаға жатқызудың, COVID-19 асқынуының және өлімнің қаупін арттыратынын анықтады. Бұл туралы JAMA Internal Medicine журналында жарияланған мақалада жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеушілер 7102 пациенттегі ұзақ уақыт темекі шегу мен коронавирустың әсері арасындағы байланысты бағалады. Олардың 84,8 пайызы ешқашан темекі шекпеген, 12,8 пайызы бұрын темекі шеккендер, ал 2,4 пайызы қазір де темекі шегетіндер. Зерттеу нәтижесінде 30 жыл бойы күніне бір қорап темекі шеккендердің ауруханаға жатуы 2,25 есе, өлім қаупі 1,89 есе жоғары екені белгілі болды.

Бұл байланыс ішінара темекі шегушілерде жиі дамитын аурулардың, соның ішінде жүрек-тамыр жүйесі проблемалары мен тыныс алу жүйесінің бұзылуымен де түсіндіріледі.

Осындай нәтижелер темекі шегетіндерде ғана емес, бұрын темекі шеккендер арасында да байқалады.

Ғалымдардың пікірінше, зерттеу нәтижелері бұрын темекі шеккендерді ешқашан темекі шекпегендермен қатар қарастыратын тәсілдің жетіспеушілігін көрсетеді.

Талқылау