"Телефонын ломбардқа тапсырған": Оралда кәмелетке жасқа толмаған бала үш күннен бері табылмай жүр
Орал қаласында жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

17 жастағы Бибол Айболұлы 15 мамырда үйден шығып, қайта оралмады. Жасөспірімнің анасы оның Зачаганск ауданындағы үйден шығып, ескі әуежай жақтағы ағасының үйіне барып, жоғалып кеткенін хабарлады.
"Ұлы бір рет үйден кетіп қалды, бірақ ол кезде бәрі ойдағыдай болды. Ол ішімдік ішпейді, темекі шекпейді, еш жерде есепте тұрған жоқ, денсаулығында да кінәрат жоқ. Жоғалғаннан кейін полицияға арыз жаздық", – деді анасы.
Полиция Бибол телефонын ломбардқа тапсырғанын білдіген.
Жоғалған күні Бибол қоңыр шалбар мен үстіне қара киім киген. Жігіттің бойы – 175 сантиметр, арық денелі.
Бибол Айболұлының қайда екені туралы қандай да бір ақпараты болса, 8 (747) 384-91-39 немесе 102 телефоны бойынша хабарлау сұралады.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"