Телефон жарылған: Оқушы онлайн сабақ кезінде қаза тапты
Вьетнамда ұялы телефон жарылып, нәтижесінде оқушы қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Mirror басылымына сілтеме жасап.

Онлайн сабақ кезінде ұялы телефон қуаттағышқа қосылып тұрған. Жарылыстан кейін бесінші сынып оқушысының киімі жанып, бала ауыр жарақат алған. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, бұл уақытта оқушы үйінде жалғыз болған. Көршілері шуды естіп, көмекке келгенін жазады.
Олар баланы ауруханаға жеткізген, бірақ алған жарақатынан ол бірнеше сағаттан кейін көз жұмған. Қайғылы жағдай туралы ақпаратты Вьетнам білім беру министрлігінде де растады.
Әзірге оқушының қандай модельдегі телефон және қандай қуаттағышты қолданғаны белгісіз. Полиция қызметкерлері тергеу бастаған, бірақ журналистердің мәліметінше, тустары қарсы болыпты.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен