Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Интернеттің сапасына көз жеткіз: Tele2 "Тест драйв" науқанын жариялады

2022 жылдың көктемінде Ookla компаниясы Mobile World Congres 2022 аясында "Қазақтелеком" АҚ компаниялар тобы құрамына кіретін Tele2 операторын марапаттады.

Теле 2

Барселонада өткен байқауда үш номинация бойынша марапат берілді. Атап айтсақ, "Ең жылдам мобильді интернет", "Ең үздік желімен қамтушы оператор” және "Үздік мобильді желі". Speedtest қызметінің көмегімен жүргізілген жүз мыңдаған абонентті тестілеу нәтижесінде бұл марапаттар Tele2 операторына бұйырды. 

"Ookla Tele2 Kazakhstan-ды Қазақстандағы ең жылдам әрі ең үздік мобильді желі және желімен қамтушы ең үздік оператор деген марапаттарға лайықты деп таныды”, - делінген ресми хабарламада.

Оператордың желідегі мобильді интернетінің жоғары жылдамдығын өзге де халықаралық сараптама компаниялары растады. Мысалы, британиялық Speedchecker мәліметіне сәйкес, Қазақстанның әр облысында жүргізілген он мыңға жуық тест нәтижесінде Tele2 мобильді интернет жылдамдығы бойынша бірінші орынды иеленген. 

Tele2 үшін абонент пікірі қашан да үлкен маңызға ие. Сондықтан оператор ерекше акция жариялап отыр. Енді кез келген абонент оператор қызметін өз бетінше сынақтан өткізе алады. Өз сапасына сенім білдірген Tele2 егер интернет жылдамдығы төмен болса, ақшаны кері қайтарып беруді де ұсынып отыр. "Интернеттің сапасына көз жеткіз. Егер көңіліңнен шықпаса, ақшаны кері қайтарамыз”. Сәуір айында Tele2 науқаны осындай ұранмен басталды. Акция туралы толық мәліметті оператор сайтынан таба аласыздар.  

Назархан Уән
Бейсенбі, 21 Сәуір, 2022 13:00
Талқылау