Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазадан ешкім жалтарып қалмайды: Роман Скляр ұшақ апатының тексеру жұмыстары жайлы сөз қозғады

Алматы маңында құлаған ұшақтың жазбалары жақсы қалпында сақталған. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

авария самолет

Премьер-министрдің орынбасары тергеу жұмыстары алдағы демалыс күндері де тоқтатылмайтындығын айтты. 

"Борттық жазбаларының жағдайы жақсы. Сол себепті оларды шифрлаған кезде еш қиындық болмайды деген сенімдеміз. Мемлекетаралық авиациялық комитетінің қызметкерлері бұл іспен демалыс күндері де айналысатындығын жеткізді. Қаңтардың 10-на дейін тексерістің қорытындыларын жариялайтын боламыз", - деді Скляр. 

Бұған қоса ол Bek Air әуе тасымалдаушы компанияның қызметі тоқтаулы екендігін және тергеу қорытындысына сәйкес тиісті шаралар жүзеге асырылатындығын қосты. 

Сөзінше, ұшақ апатына жауапты болған адамдардың барлығы жазаланады. 

"Мен Тоты Әмірованың жазбасы жайлы пікір айтқым келмейді. Ол кісі белгілі себептерге байланысты жұмысынан босатылған еді. Бұған қоса дәл сол Әмірованың өзі Fokker 100 ұшағына мемлекеттік инспектор ретінде сертификат тағайындағанын айту қажет. Ол кезде  бұл жағдай заңсыз деп танылған болатын. Мемлекеттік инспекторлар заң бұзған әуе тасымалдаушы ұйымдардың қызметін шектеген кездер бар болды. Дегенмен мұндай ұйымдар ребрендинг жасап, атын өзгертіп, дәл сол құрам мен ұшақтарды ауыстырмай, тасымалдаушы сертификатын иеленіп отырған. Осы кезде біз олардың куәліктерін қайтадан тоқтаттық. Сол себепті оқиғаға қатысты әрбір адам жазадан құр қалмайды. Егер азаматтық авиация комитетінің кінәсі анықталса, олар да жауапкершілктен босатылмайды. Ешкім жазадан жалтарып қалмайды, біреу біреуді көлегейлеп қалды деген әңгіме жоқ. Біз тексеріс біткен соң анықталған нәтижелерді тұтастай жариялайтын боламыз", - деп аяқтады сөзін Скляр.

Атап кетерлік жайт, борттық жазбалар немесе қара жәшіктер ұшақ апатының салдарын анықтау үшін пайдаланылады. Ол жездегі жазбалар шифрланған соң, экипаж мүшелерінің барлық әңгімесі анық болады. 
 

Талқылау