Текеліде cел жүріп, 5 жасар қыз жоғалып кетті
Алматы облысының Текелі қаласында қатты сел жүріп, көшелер мен үйлерді басып қалды. Төтенше жағдайдан 5 жасар қыз із-түссіз кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Текелідегі селдің қатты болғаны сонша, лай су қала көшелері мен үйлерді бүлдірген. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
"Сағат 12: 00-де Қонаев көшесі бойынша 350, 348 үйлер ауданында топырақтың қатты ылғалдануы нәтижесінде көшкін жүріп, тұрғын үйлерге балшық басып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Үй иелерінің айтуынша, 5 жасар қызы хабар-ошарсыз кеткен.

Жергілікті атқарушы органдар мәселені жою жөнінде жедел штаб құрды. Зардап шеккен отбасылар қауіпсіз жерге көшірілетін болады", - деп нақтылады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Әзірге оның өміріне қатысты нақты ақпарат жоқ. Селден қандай шығын келгені әзірге белгісіз.
Оқиға орнында мамандар мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Талқылау
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”
Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 20 жыл: Саясаткердің өзі мен өлімі туралы не белгілі
Нұрқаділовтің билікке сын айтуы жұрт үшін тосын жаңалық емес еді