Соңғы жаңалықтар

"Тегімді мақтанышпен алып жүрмін": Әлия Назарбаева әкесіне жүрекжарды тілегін арнады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы – Әлия Назарбаева әкесін мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлия Назарбаева өзінің құттықтауын жаңа жылдық шыршаның қасында әкесімен бірге тұрған суретін желіге жүктеп құттықтады. 

Әлия Назарбаева 1991 жылдың бірінші желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы жалпыхалықтық сайлау нәтижесінде ел президенті болып жарияланғанын еске салды.

"Ол осы жауапты қызметте 29 жыл қызмет етіп, өз халқының игілігі үшін әлі де еңбек етіп келеді. Мен әкемнің тегін мақтанышпен, зор құрметпен, абыроймен және жауапкершілікпен алып жүрмін. Алладан оның денсаулығы мен ұзақ ғұмыр сүруін тілеймін", - деп Instagram парақшасында жазба қалдырды. 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Поздравляю своих соотечественников с государственным праздником - Днем Первого Президента Республики Казахстан! В этот день, Нурсултан Назарбаев -наш Елбасы, в результате первых всенародных выборов был объявлен Президентом страны. Он прослужил на этом ответственном посту 29 лет и продолжает до сих пор трудиться во благо своего народа. Я с гордостью, честью, великим уважением и ответственностью ношу фамилию своего отца и каждый день молю Всевышнего о его здоровье и долголетии.

Публикация от Aliya Nazarbayeva (@aliya_nazarbayeva_official)

Елбасы құрметіне арналған мемлекеттік мереке Тұңғыш президент күні Қазақстанда 2012 жылдан бері атап өтіледі. 

Бұл күні салтанатты іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өтеді.

Елбасы - Ұлт Көшбасшысы президенттік өкілеттілігін 2019 жылы 20 наурызда орнаттады, бұл ретте ол Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы, Nur Otan партиясының Төрағасы, сондай-ақ Қазақстан Конституциялық Кеңесінің мүшесі лауазымын сақтап қалды.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ерлан Қарин Алматының атауына қатысты ақпаратты жоққа шығарды

Ерлан Қарин: "Идея айтылғанымен мемлекет басшысы бұл ұсынысты қолдайтынын білдірмейді"

Атырау халықаралық әуежайы Хиуаз Доспанованың есімін алады

Хиуаз Доспанова - Ұлы Отан соғысының жалғыз ұшқыш-қазақ, штурман-атқыш

Елордада Сейфуллин, Жансүгіров, Майлинге арнап жаңа ескеркіш орнатылды

Үш арыстың туыстары: "Бүкіл қазақ әдебиетіне, еліміздің барлық жазушыларына деген құрмет"

Бас прокуратура қазақстандықтарды 16 желтоқсанға қарсы заңсыз митингке шығатындарға ескерту жасады

Бас прокуратура арандатушылық жасамауға, қолданыстағы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және заңсыз митингілерге қатысудан бас тартуға шақырады

Тоқаев Алматының атауын өзгертуді қолдады: Олжас Сүлейменов қандай нұсқа ұсынды?

Олжас Сүлейменов бірінші болып Алматының атын өзгерту петициясына қол қоюға дайын

Қазақстандық әнші-боксер Мәскеуде қарсыласын нокаутқа жіберді (видео)

Ескендір Ибрагимов екінші раундта қолының сынғанына қарамаған

Өліп қала жаздады: Атырау облысында бүлдіршін қаламсап қалпақшасын жұтып қойды

Бала жөтел қысып, тынысы тарылғанын айтып шағымданған

Алматы облысында неміс овчаркасы баланы талап тастады

Овчарка жәбірленушінің отбасына тиесілі

"Әлем аруы 2019" байқауының жеңімпазы белгілі болды

Халықаралық сұлулық байқауында Қазақстан атынан 20 жасар Мадина Батық қатысты

Мұғаліммен болған жанжалдан соң Түркістан қаласының полиция бастығы қызметінен шеттетілді

Данияр Мейірхан мұғалім алдында кешірім сұрады
Çàãðóçêà...