Тәжікстанда жер сілкінісі болып, Қазақстан мен Өзбекстанға да сезілді
13 сәуірде Тәжікстанда магнитудасы 5,9 балдық жер сілкініс болды. Бұл Қазақстан мен Өзбекстанға да сезілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото:
Тәжікстанда магнитудасы 5,5 балл болатын жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 09:24-те болған. Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық агенттігінің (EMSC) мәліметтері бойынша, магнитудасы 5,9 баллды құрады.
Қазақстанда, ТЖМ ақпараты бойынша, жер сілкінісі елдің оңтүстігіндегі 33 елді мекенде тіркелген. Магнитуда 2-3 балл аралығында болды.
Үш балл: Шымкент, Тараз, Жетісай, Сарыағаш, Шардара, Ленгер, Арыс, Мырзакент, Абай, Қазығұрт, Сайрам, Манкент, Ақсукент, Тұрар Рысқұлов, Бауыржан Момышұлы, Темірлановка, Сарыкемер, ата ауылдарында тіркелді.
Екі балл: Түркістан, Жаңатас, Қаратау, Кентау, Шу, Құлан, Мерке, Шаян, Шәуілдер, Қордай, Шолаққорған, Шорнақ, Шу, Төле Би, Мойынқұм, Жаңақорған ауылдарында.
Жер сілкінісі Ташкентте және Өзбекстанның бірнеше облыстарында: Ферғана, Наманган, Сырдария, Андижан, Жизак, Самарқанд, Сурхандарияда болды.