Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәжікстанда тағы да жер сілкінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы 23 ақпан күні Алматы уақытымен 14:01-де жер сілкінісін тіркеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жер сілкінісіЖерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 606 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан. 

Энергетикалық санаты – 11.0. MPV магнитудасы – 5.0. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.

Еске салсақ, бүгін Тәжікстанда болған 7 балдық жер сілкінісі Алматы мен Шымкентте сезілді. 

Бақытнұр Шерикбай
Бейсенбі, 23 Ақпан, 2023 14:22
Талқылау