"Таза орта – жарқын болашақ": Атырауда ауқымды сенбілік өтті
19 қыркүйек – Дүниежүзілік тазалық күніне орай Атырауда “Таза орта – жарқын болашақ” атты ауқымды сенбілік өтті.
“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған шараға 7 мыңнан астам қала тұрғыны мен мыңнан астам мекеме қатысты. Акция барысында облыс әкімі Болат Ақшолақов та тал егіп, атыраулықтарды ортақ үйімізді күтіп ұстауға шақырды.
“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, “Таза Қазақстан” – жай ғана науқан емес. Бұл – қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа жауапкершілікпен қарауды күнделікті дағдыға айналдыруға бағытталған жалпыұлттық бастама. Біздің мақсатымыз – айналаны тазарту ғана емес, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру”, – деді облыс әкімі.

Экологиялық акция барысында өңірді көгалдандыруға да ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, “Самал” шағынауданындағы Д.Нысанғалиұлы көшесінде 300 атыраулықтың қатысуымен және алты ауылдық округте 600-ге тарта ағаш отырғызылды.

"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар