Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тайсонның бапкері: Альварес бұл жолы Головкинді оңай жеңеді

Атақты боксшы Майк Тайсонның бапкерлерінің бірі Тедди Атлас 5 мамырда өтетін Головкин – Альварес жекпе-жегіне қатысты болжамды пікірімен бөлісті.

Бұл туралы boxingscene.com хабарлады.

«Менің ойымша, Головкин «тайғанақтап» барады. Мен бұрын оны адамдардың асыра бағалайтынын айтқаным бар еді. Ол орта салмақтағы 35, 36 және 37 жастағы боксшылардан асып түсті. Головкиннің ол айқасты да (Головкин мен Канелоның алғашқы кездесуі) жеңгенін анық білемін», – дейді ол SiriusXM Radio-ға берген сұхбатында.

Дегенмен, бұл жолы Сауль Альварестің қазақстандық боксшы Головкиннен басым түсетініне сенімі мол.

«Ал қарымта кездесуде мен басымдықты Канелоға берер едім. Себебі, Головкиннің күмәнсіз алғашқыдай айбаты жоқ. Канелоның өсетіндей әлеуеті бар. Оның жасы кіші. Ол сенімнен шығып отыр. Сондай-ақ, Альварес шабуылдау тұрғысынан алғашқыдан гөрі белсенді бағытты ұстанады. Менің ойымша, ол бұл айқаста Альварес оңай жеңеді», – дейді Атлас.

Айта кетйік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес 5 мамыр күні кездесетін болды. Жекпе-жектің қай жерде өтетіні белгіленген жоқ.

Тағы оқыңыз:

Қазақстанның бірінші ракеткасы атағы Зарина Диясқа өтті

Бокс Олимпиада бағдарламасынан алынып тасталуы мүмкін

Қазақстан спортшысы бендиден әлем чемпионатының үздік бомбардирі атанды 

Алматыға футболдан әлем чемпионатының алтын кубогы әкелінді 

 

Талқылау