Таиландтағы катер апатынан Қазақстанның 3 азаматы зардап шекті - СІМ
Таиландтағы катер апатынан Қазақстанның 3 азаматы зардап шекті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Таиландтағы Қазақстан консулының ақпаратына сәйкес, катердегі жолаушылардың арасында Қазақстанның 4 азаматы болған. Олардың үшеуі медициналық көмекті қажет етті. Дәрігерлер қарағаннан кейін екі отандасымыз ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы тұрақты, денсаулықтары мен өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ", - деді Айбек Смадияров.
Оның атап өтуінше, барлық медициналық шығынды катерге иелік ететін тай компаниясы мойнына алып отыр.
"Консулымыз зардап шеккен азаматтармен де, жергілікті билікпен де үнемі байланыста", - деді ресми өкіл.
Бұған дейін Таиланд жағалауында қайық дабыл мұнарасына соғылып, 35 адам зардап шеккенін хабарлаған болатынбыз.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"