Тауық жұмыртқаларын мінсіз қайнату әдісі белгілі болды
Қабыршақтары қайнатылған жұмыртқаға жабысып қалмас үшін, оны пісірер алдында бір қарапайым ережені сақтау жеткілікті. Бұл әдіс туралы қытайлық Sohu басылымы жазды, деп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталған әдіс бойынша, жұмыртқаны қайнаған суға салмас бұрын 10 минут салқын суда ұстау керек. Пісіргеннен кейін дәл осы үрдісті тағы қайталау қажет.
Басылымның жазуынша, осы әдіс арқасында жұмыртқаның дәмі нашарламайды, қабығы оңай ашылады. Сонымен қатар, ішіндегі ақуыз мен сарысы нәзік болып қалады.
Бұған дейін ғалымдар денсаулықты сақтау үшін күніне қанша жұмыртқа тұтыну керектігін айтқан еді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған