Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады
Биыл Тәуелсіздік күніне орай отандастарымыз қатарынан үш күн демалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Биыл Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан дүйсенбіге түсіп тұр. Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 14, 15 және 16 желтоқсан демалыс болмақ. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 15 және 16 желтоқсан демалады.
Еске салайық, жаңа жыл қарсаңы, яғни 31 желтоқсан жұмыс күні болмақ. Жаңа жылдың алғашқы төрт күні — демалыс. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үшінші қаңтар, яғни, жұмадағы жұмыс күнін жексенбіге ауыстыру туралы бұйрық шығарған. Ал 5 және 6 қаңтар — жұмыс күні.
Жетінші қаңтарда Рождество мерекесіне орай, тағы бір демалыс бар. Әрі қарай жұмыс кесте бойынша жалғасады.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар