"Тәуелсіздігі мен шекарасын қайтару керек": Араб елдері Израильмен бейбітшілік орнатуда басты шартты атады
Сенбі күні Эр-РиядтаСауд Арабиясы Газа секторындағы қиын жағдайды талқылау үшін араб және мұсылман елдерінің басшыларымен бірлескен кезектен тыс саммит өткізілді. Саммите Араб елдері Израильдің Палестинаның барлық жерлерін оккупациялауын тоқтатуы бейбітшіліктің бірден-бір шешімі болатынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Араб елі Палестинаның тәуелсіздігін беру қақтығысты тоқтатудың ең дұрыс шешімі екенін айтты.
"Израильмен бейбітшілік жасап, онымен қалыпты қарым-қатынас орнатудың алғышарты барлық палестиналық және араб жерлерін оккупациялауын тоқтату. Сондай-ақ 1967жылдың 4 маусымдағы шекараларда толық егемендікпен Палестина мемлекетінің тәуелсіздігін жүзеге асыру. Одан бөлек, астанасы Шығыс Иерусалимді бекітіп, Палестина халқының құқықтарын қайта қарауды жүзеге асыру керек", - делінген саммит қорытындысы бойынша құжатта.
Саммитке қатысушылар Газа секторының Батыс Шериядан бөлінуіне де қарсы шығып, бұл аумақтарды Шығыс Иерусалиммен бірге тәуелсіз Палестина мемлекетіне қосу қажеттігін баса айтты.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"