AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуекел Мүсілім жұбайымен таныстығы, оның мінезі мен тойға жоспары жайлы айтты

Тәуекел Мүсілім жұбайы Махаббатпен түсірілім алаңында танысқан. Алғаш оның есімі мен туған жерін естігенде, актер қатты таңырқағанын жасырмайды. Осы және өзге деректерді Тәуекел Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Талай қыздың жүрегін жаулаған актердің жеке өмірі көпшілікке қызық. Әсіресе жұбайына қатысты сауалдар әлі күнге дейін толастар емес. Соны ескерсе керек, Мүсілім жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді. 

"Батылдық – Махаббаттың екінші есімі, жұбайымды алғаш рет атқа отыруға және шаңғы тебуге үйреткенде осыны байқадым. 
Бірақ, сонымен қатар, Махаббат жануарларға келгенде өте сезімтал. Бір жолы серуен кезінде бұталардың арасынан шыға алмай тұрған мысықты көрдік. Махаббат жылап қалды", – деп жазды Тәуекел.



Тәуекел мен Махаббаттың ортақ қызығушылықтары жетерлік. Соның бірі – тауға шығу. 

"Сондықтан да көптеген кездесулеріміз тауда өтті", – деп түсіндірді актер. 

Карантин кезінде отбасын құрған жұптың үйлену тойы болмаған. Екеуі тойды үш рет кейінге шегерген. 

"Сол күйі той жасамадық, бірақ жоспарымызда бар", – деді актер. 

Сондай-ақ Тәуекел айына бір рет Махаббатпен бірге фаст-фуд жегенді ұнататын болып шықты. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр