Қанат Айтбаев "Димаш Лондоннан үй алды" деп ақпарат таратқандарды жазаламақ
Димаш Құдайбергеннің әкесі әншіні Лондоннан үй сатып алды деп ақпарат таратқандарды жазаламақ. Қанат Айтбаевтың айтуынша, танымал адамның атын пайдаланып, хайп жасау – ұят тірлік. Айтбаевтың бастамасын Димаштың фанаттары да қолдап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жалған ақпарат таратушыларға қатысты ойын Қанат Айтбаев Facebook-те білдірді.
"Мынау – жалған ақпарат. Танымал адамның атын пайдаланып, хайп жасау – адамгершілікке жатпайтын ұят тірлік.
Бұл өтірік ақпаратты таратып отырған арна авторы ҚР ҚК 274 бабына сәйкес жауапқа тартылатын болады", – деді Қанат Құдайбергенұлы.
Өнер иесіне Димаштың фанаттары да қолдау білдірді.
Естеріңізде болса, бұған дейін кей ақпарат көздері Димашты Қытайға көшіп кетті деген еді. Бұған ашуланған әншінің анасы Светлана Айтбаева ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.
Бакалавриат 3 жылға қысқарса, Қазақстан студенттерін не күтіп тұр: Ұта ма, ұтыла ма
Үш жылдық форматқа көшу университет шығынын немесе студенттің оқу ақысын автоматты түрде азайтпайды
"Бес құрсақ көтеріп, бәрінен айырылып қалған": 51 жасында ана атанған маңғыстаулықтың жүктілігі қалай өтті
Әйел өмірінде бес рет құрсақ көтерген