Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің ең сұлу бойжеткендері: "Қазақстан аруы 2021" атағына үміткерлер кімдер

"Қазақстан аруы" сұлулық байқауының аймақтық іріктеуі биыл алғаш рет онлайн форматта өтуде. Байқауда Мәдина Сәдуақасова, Тәуекел Мүсілім, Айдай Исаева сынды елімізге белгілі шоу-бизнес өкілдері қазылық етуде. Осы уақытқа дейін бірнеше қаланың ең таңдаулы сұлулары анықталып үлгерді. Олар кімдер? Stan.kz ақпарат агенттігі назарларыңызға "Қазақстан аруы – 2021" атағынан үмітті арулардың тізімін ұсынады. 

26 жастағы Азиза Тоқашева биыл "Алматы аруы" атанды. Азиза – Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінде, менеджмент және маркетинг мамандығы бойынша магистратурада оқиды. Бала кезінен халық билерімен айналысады. Әлеуметтік және қайырымдылық жобаларға белсенді қатысады.

“Алматы аруы” – Азиза Тоқашева

18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова биыл "Түркістан аруы" атанды. Ол – Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті. Болашақ интерьер-дизайнер маманы. Отбасында бес қыздың үлкені. Қазақ, орыс және түрік тілдерін еркін меңгерген. 

“Түркістан аруы” – Сұлтанбибі Шахапова

"Ақтөбе аруы – 2021" титулы 23 жастағы Назерке Кармановаға бұйырды. Есепші мамандығын бітірген Назерке Алматы қаласында банкте жұмыс істейді.  

“Ақтөбе аруы” – Назерке Карманова

17 жастағы мектеп оқушысы Екатерина Кужекешева “Орал аруы” атанды. Ол бос уақытында вокалға қатысып, гитарада ойнайды. 
Фотосуретпен және бейне түсіріліммен айналысады, сонымен қатар модель болып жұмыс істейді.

“Орал аруы” – Екатерина Кужекешева

21 жастағы студент Малика Каримова "Қостанай аруы – 2021" атанды. Малика – кәсіби спортшы, гандболдан Қазақстан чемпионы. Спорттың бұл түрімен 10 жылдан бері айналысады.  

“Қостанай аруы” – Малика Каримова

21 жастағы Әйгерім Сүйінова "Атырау аруы – 2021" байқауының жеңімпазы атанды. Әйгерім – Еуразия гуманитарлық университетінің студенті, ағылшын тілінің маманы. 3 жылдан бері студенттерге ағылшын тілінен сабақ береді. Қосымша түрік тілін меңгерген. 

“Атырау аруы” – Әйгерім Сүйінова

20 жастағы Айдана Жұмабекова "Павлодар аруы – 2021" байқауының жеңімпазы. Бойжеткен Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде "Туризм" мамандығы бойынша оқиды. 

"Павлодар аруы” – Айдана Жұмабекова

20 жастағы Анна Глубоковская 2021 жылғы "Қарағанды ​​аруы" атанды. Қазір ол Алматыда дыбыс құрылғысы компаниясында жұмыс істейді. Музыканы жақсы көреді, шетел әдебиетін ​​ұнатады. Болашақта бет әрлеуші мамандығын кәсіби түрде меңгермек.

“Қарағанды аруы” – Анна Глубоковская

17 жастағы медицина колледжінің студенті Шұғыла Жақсыбекова "Шымкент аруы" атанды. Ол қосымша модель болып және сұлулық салонында жұмыс істейді.   

“Шымкент аруы” – Шұғыла Жақсыбекова
Талқылау