Тәуекел Мүсілім мен Бауыржан Сатов қазақ тілін дамытуды қолдап, онлайн-диктантқа қатысатындарын жеткізді
Танымал тележүргізушілер Тәуекел Мүсілім мен Бауыржан Сатов 15 желтоқсанда Stan.kz сайтында өтетін онлайн-диктантқа қатысатындарын жеткізді.
Тележүргізуші, актер Тәуекел Мүсілім қазақстандықтарды жалпыхалықтық онлайн-диктантқа қатысуға шақырды. Оны телевизиядағы әріптесі Бауыржан Сатов та қолдайтынын жеткізді.
Еске салайық, онлайн-диктантқа 15 желтоқсанда сағат 8:00-де бастап қатысуға болады. Диктантқа қазірден бастап тіркелуге болады. Ол үшін dictant.stan.kz сайтына өту керек.
Бір ерекшілігі, Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отырған диктантқа қатысу үшін сізде интернет пен компьютердің болғаны жеткілікті. Барлық қатысушылар атаулы сертификатқа ие болады. Бұған қоса, ең үздіктердің арасында 5 жаңа Huawei смартфондары ойнатылады.
Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы көре аласыздар.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"