"Тәте болатын уақыт келді": Баян Алагөзова өмірінен кімді шығара алмай жүргенін айтты
Баян Алагөзова өмірінен кімді шығара алмай жүргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында өзін ересек адамдар сияқты ұстайын десе де, бойындағы жастық жалынды шығара алмай жүргенін жасырмады.
"Тәте болатын уақыт келді. Бірақ ішіме ақылсыз қыз кіріп алған. Оны қалай шығарып тастайтынымды білмей жүрмін", - дейді Баян Мақсатқызы.
Бұл жазбаны көрген желідегілер продюсерге жас көрінесіз, жалыныңыз сөнбесін деп тілек тілеген. Жұрт өнер иесі туралы өз пікірлерін жазып, продюсердің сыртқы бейнесі, ішкі жан дүниесі жайлы тақырыптарды қозғаған.
"Сіз әлі 25 жастағы қызсыз", "Кішкентай қыз болып жүре беріңіз", "Сіз өте әдемі әйелсіз. Бақыт тілеймін", "Болмысың қандай, сондай болып қала бер", "Зейнетке шығуға ерте, әлі жассыз", "Әлі үлгересіз, асықпаңыз", - деп пікір жазды жұрт.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды