Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тарихта алғаш рет: Қазақ жігіті Италиядағы өнер академиясына оқуға түсті

Жас сазгер әрі пианист Рахат-Би Абдысагин емтиханды сәтті тапсырып, Римдегі Санта-Чечилия Ұлттық академиясына оқуға түсті. Небәрі 18 жастағы Қазақстан азаматына беделді оқу орнында білім алу мүмкіндігі туды.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

“Әрине, бақыттымын. Жаңа белеске дайын екенімді сезіп тұрмын. Мен үшін ең бастысы – Санта-Чечилия академиясының оқуға қабылдап, маған сенім артқаны. Бұл көктен берілген сый. Қазақстан нағыз тәуелсіз елге айналды және біздің жастарымыз әлемнің ең үздік университеттеріне түсе алады”, – деп атап өтті Рахат-Би.

Қазақстандық жігіт алдымен Италиядағы оқу орнына өз еңбектерін жіберген. Оқу орны келіп түскен өтінімдердің ішінен 14 жанды іріктеп алған. Олардың 13-і италиялық азаматтар болса, біреуі біздің Рахат-Би.

“Әрі ең жасы менмін. Қалғандарының жасы 25-35 аралығында, көпшілігі жұмыс істейді”, – деп атап өтті қазақстандық жігіт.

Айта кетейік, Рахат-Би небәрі 13 жасында жоғары оқу орнына түсіп, 18 жасында магистратура бітірген еліміздегі дарынды жігіттердің бірегейі.

Жіберіп алмаңыз:

Қызық екен: “Нысана” актері Дәнекер киелі құсты білмей ұятқа қалды

«Голос. Дети» шоуына қатысқан он жасар Данелияның анасы: Қызымның аты Дәнел болуы тиіс еді

Төреғали Еркеден кешірім сұрау үшін Әлқожаның әнін ұрлаған (видео)

Дастан Оразбеков екінші рет әке атанды

Талқылау