Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тарихымызда ұлт тағдырын шешкен құрылтайлар болған - Тоқаев

Ұлытауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстан туралы айтып өтті. Мемлекет басшысының сөзінше, Жаңа Қазақстан бір күнде немесе бір жылда құрылмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

құрылтай

Тоқаевтың айтуынша, бұл – бүкіл қоғамды өзгертетін күрделі әрі ұзақ үдеріс.

“Мұны жүзеге асыру үшін бір ғана билік әрекет етсе, бұл, әрине, жеткіліксіз. Бүкіл ел болып жұмылсақ, көздеген мақсатымызға жетеміз. Сол себепті, мен Жолдауымда Ұлттық құрылтай шақыру туралы бастама көтердім.

Құрылтай шақыру ертеден келе жатқан ата дәстүріміз екенін жақсы білесіздер. Бабаларымыз маңызды мәселелерді осындай алқалы жиында талқылаған. Халық өзара ақылдаса отырып, бір тоқтамға келген. Мұндай шешімдер бүкіл елді біріктірген”, – деді Тоқаев. 

Президент құрылтайлардың ұлтымыз үшін қандай маңызға ие екенін атап өтті. Сондай-ақ оның көбі халқымыз үшін маңызды кезеңде өткізілген деді.

“Талас құрылтайынан кейін Алтын Орда дербес мемлекет болды. Қарақұм және Ордабасы құрылтайлары  жұртымызды ел қорғауға ұйыстырды. Орынбордағы бірінші қазақ құрылтайында Алаш партиясы құрылды. Екінші құрылтайда Алаш автономиясы жарияланды”, – деп қосты президент

Талқылау