Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Тарихи байланысы шамалы": Зеленскийдің бұрынғы баспасөз хатшысының жазбасы қазақстандықтардың шамына тиді

Фото: Скрин Instagram @iuliia_mendel

Журналист және Украина президентінің бұрынғы баспасөз хатшысы Юлия Мендель әлеуметтік желіде даулы жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мендель Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Ресей президенті Владимир Путин парадтың мәнін түбегейлі қайта ойластырғанын жазды. Оның айтуынша, Мәскеудегі парадқа Екінші дүниежүзілік соғысқа тарихи байланысы жоқ елдердің сарбаздары қатысып жатыр. Оның ішінде ол Қазақстанды да атап өтті.

“Қытайдың, Вьетнамның, Қазақстанның және екінші дүниежүзілік соғысқа тарихи қатысы жоқ басқа елдердің әскерлері қазір Мәскеудегі парадқа қатысып жатыр. Путин үшін парад енді естелік емес. Бұл қатаң иерархиялармен байланысты автократиялық режимдер арасындағы бірліктің көрінісі және заманауи ортақ демократиялық құндылықтарға шақыру”, – деп жазды Мендель.

Зеленскийдің бұрынғы баспасөз хатшысы көпшіліктің сынына ұшырады. Оның жазбасына қазақстандықтар түрлі пікір қалдырып жатыр. Олар елімізде әрбір отбасында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар барын жазды.

“Мына суретте Қазақ КСР-інің Қарағанды ​​қаласының кеншілер қаласынан төрт қазақ қызы бейнеленген. Бұл экипажы әйелдерден құралған адамзат тарихындағы жалғыз жауынгерлік танк. Олар 1944 жылдың қысында із-түзсіз жоғалып кетті”, – деп жазды қолданушылардың бірі.

Фото: Х sztantekin

1ұл мен кездестірген тарихи сауатсыз мәлімдемелердің бірі”, “Қытай, Қазақстан және Вьетнамның Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысы шамалы” деген пікірді неге сүйеніп жазған. Қытай мен Вьетнам жапон оккупациясын және миллиондаған құрбан болған қытай-жапон соғысын бастан өткерді. Қазақстан Қызыл Армиядан 600 мыңнан астам шығынға ұшырады”, – деп жазды желі қолданушылары. 

Айта кетейік, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қызыл Армия қатарына 1,2 миллионнан астам қазақстандық жұмылдырылды. Олардың жартысынан көбі қаза тапты немесе хабарсыз кетті. Қазақстан көшірілген зауыттар, ауруханалар, миллиондаған босқындар орналасқан тыл орталығына айналды. Майданда көптеген қазақстандықтар ерлік көрсетті. Оолардың 500-ден астамы Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 10 Мамыр, 2025 17:35
Талқылау