Тарифтердің төмендеуі онкологиялық науқастарға әсер ете ме – министрлік жауап берді
Онкологиялық бейіндегі стационарлар көрсететін медициналық қызметтерге ақы төлеу тарифтерінің төмендеуі онкологиялық науқастар үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына әсер етпейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Барлық бекітілген стандарттар мен клиникалық хаттамалар, соның ішінде қажет дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету қатаң сақталады.
Тарифтерді төмендету туралы шешім келесіге бағытталған:
- республикалық бюджеттен негізсіз қаржылық шығындарды жоюға,
- онкологиялық қызметтің тиімділігін арттыруға,
- бөлінген қаражаттың қайтарымын жақсартуға.
“Мемлекеттік саясат шеңберінде биыл онкологиялық қызметте ұйымдастырушылық және қаржылық тәртіпті жақсарту жөніндегі іс-шаралар жалғасады”, – делінген хабарламада.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды