Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда жындыханадан қашып кеткен науқас автобус жүргізушісін пышақтап тастаған

Таразда психикалық денсаулық орталығынан қашып кеткен емделуші автобус жүргізушісін пышақтап тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Автобус жүргізушісі ер адамнан жол ақысын сұраған екен. Сол кезде науқас оның иық тұсына пышақ сұғып, қашып кеткен. Жарақат алған автобус жүргізушісіне шұғыл ота жасалды.

Қолында суық қаруы бар 33 жастағы күдіктіні полицейлер жеті күннен бері таппай жатыр.



Тәртіп сақшылардың дерегінше, ол 2010 жылдан бері облыстық психикалық денсаулық орталығында тіркеуде тұрған. Бірақ мұндағы мамандар оның жеке бас дерегін жариялаудан бас тартты.

Ішкі істер органы күдікті табылғанша, сақ болуға шақырады. Іздеудегі азаматтың мекенжайын айтқан адамға полиция қаржылай сыйақы беруге дайын. 

“Полиция қызметкерлері қылмысқа қатысты күдіктінің 33 жастағы Байзақ ауданының тұрғыны екенін анықтады. Қазір күдіктіні іздестіру іс шаралары жалғасып жатыр”, – деді Жамбыл облысы полиция департаментінің ресми өкілі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Талқылау