Таразда қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарға сот үкімі шықты
Тараз қаласының № 2 сотында жаппай тәртіпсіздікке қатысқан сегіз сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Прокурор сотталушыларды ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабына сәйкес шартты түрде пробациялық бақылау орната отырып, төрт жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сот кінәлілердің әрекеттері ауыр қылмыстар санатына жататынын және оларды жасаған қылмыстары үшін үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін айтты. Жаза тағайындау кезінде сотталушылардың шын жүректен өкінуі, бұрын-соңды сотталмауы сияқты фактілер қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп танылды. Сот ауырлататын жағдайларды қарастырған жоқ.
Осылайша, сот пробациялық бақылауды белгілей отырып, сотталушылардың әрқайсысын төрт жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған