Таразда экс-полицейді өлтіріп, саябаққа тастап кеткен күдікті ұсталды
Таразда бұрынғы полиция қызметкерін өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: kris.p.taraz
Жамбыл облыстық полиция департаменті 31 наурыз күні Жайлау шағын ауданында денесінде жарақаттары бар ер адамның мәйіті табылғанын мәлімдеді.
"Бұл қылмысты ашу үшін арнайы топ құрылып, күдіктінің орналасқан жерін анықтап, ұстау және дәлелдемелерді бекіту бойынша жұмыс жүргізілді. Қазір ер адам өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды", — делінген полиция департаментінің хабарламасында.
"Балға ұстаған маньяк кезіп жүр": Тараз полициясы желіде тараған ақпаратқа пікір білдірді
Департамент қылмыстық істі тергеу жалғасып жатқанын және тергеу барысы полиция басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Таразда бұрынғы полиция қызметкерінің мәйіті табылғаны туралы жазған едік.
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге
"Қаламақымызды ала алмай отырмыз": Ақындар мен композиторлар Қазақстан авторлық қоғамына қарсы шықты
Олар бұл жағдайдың авторлардың табысына тікелей әсер етіп отырғанын айтты