Таразда аялдамада жатқан азаматқа жедел жәрдем қызметі көмек көрсетуден бас тартқан
Таразда жедел жәрдем қызметкерлері аялдамада жатқан адамға көмек көрсетуден бас тартқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жағдай әлеуметтік желілерде тараған. Куәгердің сөзінше, ес-түсінен айырылып жатқан адамды жедел жәрдемнің дәрігерлері өздерімен бірге алып кеткілері келмей, сол күйінде тастап кеткен. Дегенмен оқиға орнынан полиция қызметкерлері табылып, оны ауруханаға алып кетіпті.
Өз кезегінде жедел жәрдем қызметкерлері әрекеттерін мас адамдарды арнайы мекемеге жатқызу заңда көрсетілген деп түсіндірді.
"2011 жылы қабылданған бұйрық бойынша орта жағдайда мас адамдар уақытша бейімделу орталығына тәртіп сақшыларының не басқа да азаматтардың көмегімен орналастырылады. Бұл жағдайда мас азамат 1-қалалық аурханасына жеткізілген. Азаматтың ауруханаға бірден жеткізілмеу себебі оның дәрігерлердің көмегіне зәру болмағандығы", - деді жедел жәрдем қызметкері.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады