Тараз қалалық сотының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді
Тараз қалалық сотының төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оған 1 млн теңге пара алды деген айып тағылып отыр.
"Биыл 16 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаровқа қатысты азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін 1 млн теңге пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - делінген Антикор хабарламасында.
ҚПК 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"