Тапсырыс беруші туралы айтуға әлі ерте: ІІМ қазақстандық журналистерге жасалған шабуыл жайлы айтты
Қазақстандық журналистерге шабуыл жасау туралы бұйрыққа тапсырыс берушілер туралы айтуға әлі ерте, дейді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Журналистерге жасалған шабуылдың барлық фактілері бойынша осы әрекеттердің кінәлілері анықталып, ұсталды, қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Мұндай қылмысқа бару себебі мен мұның артында кімнің тұрғаны тергеу барысында анықталады. Әзірге тапсырыс иелері мен олардың жеке мақсаттары туралы айтуға ерте", - деді Қожаев бейсенбіде сенат кулуарында.
- Баспасөз картасын алған журналистер белгілі бір мәртебе ие болады - Ойшыбаев
- Журналист Михаил Козачков өзінің мемлекеттік құпияларды жария еткенін мойындады
Еске салайық, 21 ақпанда Ішкі істер министрлігі журналистерге шабуыл жасады деген күдікпен 18 адам ұсталып, барлық қылмыс ашылды деген ақпарат таратқан. Келесі күні, 22 ақпанда журналист Данияр Молдабековке шабуыл жасалғаны белгілі болды.
Қазақ тілін қорлаған бұрынғы Ресей азаматы 15 күнге қамалды
Отырыс барысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, оны қатаң жазаламауды сұраған
Оралдағы инфекциялық ауруханада 13 жасар қыз көз жұмды: Ата-анасы дәрігерлерді кінәлап отыр
Қызы қайтыс болғаннан кейін әкесі барлық тиісті органға арыз жазғанын айтады