Танымал журналист Айгүл Мүкей үшінші баласын босанды
Қазақстандық танымал журналист Айгүл Мүкей үшінші баласын өмірге әкелді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін журналистің Асанәлі деген ұлы және Хабиба атты қызы болды. Бүгін ол тағы бір "атұстардың" анасы атанды. Қуанышты хабарды Айгүлдің өзі хабарлады.
"Ұлды болдым. Аллаға шүкір. Бүгін сағат 12.19-да дүниеге тағы бір батыр келді...
Қара торы, шыдамды, әжесі сияқты...
Қазақы есімдер. Ұлыңызға қандай есім бердіңіз?
Сіздерге де, жылы сөздеріңіз, лебіздеріңіз үшін көп рахмет, достар... Алла разы болсын", - деп жазды Айгүл Мүкей.
Журналисті әріптестері, өнер жұлдыздары мен желі қолданушылары құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды