Танымал шоумен Нұржан Аташ отбасын құрды
Танымал теле-радио жүргізуші, шоумен Нұржан Аташ отбасын құрды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Арайлым есімді аруға үйленген Нұржан күні кеше Алматының төрінде дүркіретіп той жасады. Той қонағы болған Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде қызықты кадрлармен бөлісті.
"Халықпен бірге билеп қайттық, тойды сағынып қалыпты, жарқыраған жүздерді көріп, қуанып қайттым, Аллаға мың шүкірлер!" – деп қуанды ол.
Сондай-ақ, әнші Ернар Айдар, Ғазизхан, Тоқтар мен Бейбіт, Әбдіжаппар Әлқожа, тележүргізуші Нұрсұлтан Есжан той қонақтарының қатарынан табылды.
Айта кететін жайт, желі оқырмандарының басым дені жас келінді әнші Мөлдір Әуелбековаға ұқсатқан.
"Мөлдір Әуелбековадан аумайды екен", "Мөлдір Әуелбековаға ұқсайды екен", "Мөлдір екен деп қалыппыз", – деп пікір білдірді олар.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"