Танымал шетелдік блогерлер Алматының алмасын әлемге танытты
60 миллионға жуық оқырманы бар шетелдік блогерлер Алматының алмасы жайлы ерекше бейнеролик түсірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: instagram.com/nasdaily/
Атақты араб-израильдік блогер Нусейра Ясиннің шығармашылық тобы Алматының символына айналған алма туралы бейнероликті әлеуметтік парақшасында жариялады. Nas Daily арнасы арқылы осылайша әлемдегі алманың атасы Қазақстан, оның ішінде Алматы қаласы екенін мәлімдеген.
“Әлемдегі барлық алма түрі дәл осы мемлекеттен бастау алатынын білесіз бе? Бұл қалжың емес! Қазақстанға қош келдіңіздер”, – деп жазады блогерлер.
Осылайша Қазақстанның туристік әлеуетін, тарихи-мәдени ерекшеліктер таныстырған.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі