"Қаңғып біттік". Танымал имам мемлекеттік бағдарламамен ипотека алудың қаншалықты дұрыс екенін айтты
Нұрлан Байжігітұлы үй алу үшін банкке қарыз болудың еш әбестігі жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Жилстрой-ға ақша құю күнә емес. Қаңғып-қаңғып біттік. Өз елімізде өзгеге телмірген ел болдық. Оның да уақыты өтті. “Алуға болмайды” деп жүргендердің өзінің үйі бар. Өмір бойы ақша жинап, біреуді байыта береміз бе? Әр нәрсе өз жөнімен болуы керек”, – деді имам.
Әлеуметтік желі қолданушылары да имамның бұл сөзін бірауыздан қоштады.
“Заманына қарай болуы керек”, “Күнә” деп бала-шағамен қаңғырып жүру керек пе?”, “Халықты осы хәлге жеткізген үкімет”, “Жаны ашыған соң айтып отыр”, “Дұрысын айтты”, “”Ешқандай да күнә емес”, “Ақшасын адал тапса болды емес пе?”, – деп жазды желідегілер.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"