Танымал голливуд актері екі қызымен бірге ұшақ апатынан қаза тапты (видео)
Голливуд актері Кристиан Оливер және оның 10 және 12 жастағы екі қызы Кариб теңізінде ұшақ апатынан қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TMZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бейсенбі күні 51 жастағы актер қыздарымен бірге Бекия аралындағы әуежайдан Сент-Люсияға шағын бір моторлы ұшақпен ұшып шыққан. Ұшақ көтерілгеннен кейін көп ұзамай ақау шығып, арал маңындағы мұхитқа құлаған.
Сент-Винсент пен Гренадин жағалауы күзеті құтқару операциясын бастады, бірақ нәтиже шықпады. Құтқарушылар судан төрт адамның, оның ішінде ұшқыш пен екі баласы бар америкалық жолаушының мәйітін шығарды. Апаттың себебі анықталып жатыр.
Желіде ұшақ апатының видеосы пайда болды. Куәгер түсірген кадрлардан шағын ұшақтың "тұмсығымен" төмен құлдилап, қатты жылдамдықпен суға құлағанын көруге болады.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты