Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Таңертең оянсам, 90 адам қоңырау шалыпты": Иманбек ресейлік шоудың қонағы болды

Грэмми иегері Иманбек Зейкенов ресейлік «Вечерний Ургант» шоуының қонағы болды. Музыкант жеңістен кейінгі эмоциялар туралы, сондай-ақ өзінің шығармашылық жоспарлары туралы айтты.

Иманбек Ургантқа туған қаласы туралы да айтып берді. Ол Ақсу қаласында орналасқан ең ірі зауыт туралы айтып, тағы бір танымал қазақстандық әнші туралы қызықты фактіні айтты.

«Скриптонит Ленинскийде тұрған кезде біздің арамызды15 минуттық қана жол бөліп тұрған», - деді Иманбек.

Сондай-ақ, Грэмми жеңімпазы өзін жеңімпаз еткен ремиксті жазуға 2,5 сағаттан артық уақыт жұмсамағаны туралы ақпаратты растады.

Иманбек Ургантқа жеңістен кейін өзі ремикс жазған әнші SAINt JHN құттықтағанын айтты.

«Ол маған тікелей Инастаграммда жазды, ол мені мақтады», - деп мойындады Иманбек.



Иманбек Грэммиді алғаннан кейін бірден ұйқыға жатқанын айтады.

«Грэмми алғаннан кейін мен ұйықтап қалдым. Қазақстандықтар бұл жайлы таңертең білді. Мен оянғанда 90-ға жуық қоңырау түсіпті. Олардың арасында, мүмкін, республиканың президенті болды. Таңертең мен инстаграм парақшасын оқыдым. Президенттің мені құттықтағаны мені қатты таңғалдырды», - деп түсіндірді автор.

Еске сала кетсек, тек Қазақстан емес ТМД яғни бұрынғы КСРО елдері ішінде алғаш рет біздің жерлесіміз Иманбек Зейкенов музыка саласындағы ең беделді Grammy сыйлығын ұтып алды. 

Талқылау