Тамара Асар: Президенттің еңбекшіл халық мәселесін көтергені маған қатты ұнады
Әнші Тамара Асар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Qazaqstan ұлттық телеарнасына берген сұхбатына қатысты пікірімен бөлісті. Өнер иесі мемлекет басшысының халықты еңбек етуге шақырғанына риза болғанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әншінің айтуынша, елде жұмысшы таптың сапасын арттыру қажет.
"Президенттің еңбекшіл халық мәселесін көтергені маған қатты ұнады. Себебі, қазір екінің бірі саясаткер, блогер немесе интернеттің гүлі. Қара жұмыстың адамы аз, нағыз еңбекқор, жұмысшы күші көбейсе", - дейді өнер жұлдызы.
Айта кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan ұлттық телеарнасына арнайы сұхбат берді.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады