Тамара Асар 1 жасқа толған қызының тұсауын кесіп, той жасады
Тамара Асар қызының 1 жасқа толуына орай дүркіретіп той жасады. Ол сәбиінің тұсауын кестірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тамара той кадрларымен Instagram парақшасында бөлісті.
Тамара Асардың қуанышына Роза Рымбаева, Азамат Сатыбалды, Саят Медеуов, Айгүл Мүкей, Ләйлә Сұлтанқызы, Нұрболат Абдуллин сынды танымалдар ортақтасты. Әнші той қонақтарына арнайы қоржын дайындап, сыйлықтарын тарту етті.
Ал тойды желі арқылы тамашалаған оқырмандар кішкентай Ажардың әкесіне ұқсағанын айтып, оған деген жылы тілектерін жаудырды.
Айта кетейік, Тамара Асар екінші рет тұрмыс құрып, 45 жасында қызды болды. Әншінің алғашқы некесінен Қамбар есімді ұлы бар.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"