Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бауыздап, жайбарақат демалып отырған": Павлодарда жантүршігерлік кісі өлімі болды (видео)

Желіде Павлодардағы бір үйдің ауласында кісі өлтірілгені түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Кадрлардан ер адамның белгісіз себеппен басқа бір адамды ұрып-соғып, жерге құлатып, тамағын кескенін байқауға болады. 

Павлодар облысының полиция департаменті күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғанын хабарлады.



“Адам өлтіру фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Қылмыстың мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша, басқа адамды заңсыз қасақана өлтірген адам сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Еске салайық, бұған дейін Атырауда ер адам подъезде бұрынғы сүйіктісін пышақтап кеткені туралы жазған едік. 

Талқылау