Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балам аурухана тамағы ауырып барып, мүгедек болып шықты": Шымкент қаласының тұрғыны дәрігерлерді айыптап отыр

Шымкент қаласының тұрғыны тамағымен ауырып ауруханаға түсіп, мүгедек болып қалған ұлының жағдайына жергілікті дәрігерлерді айыптап отыр. Әйелдің айтуынша, дәрігерлер диагноз қоя алмай, жас жігітке қате ем жасаған. Ол полицияға жүгінген, бірақ тергеу 5 жылдан астам уақыттан бері созылып келеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Қияфат Болквадзе 5 жыл бойы әділеттілікке қол жеткізуге тырысып келеді. Айтуынша, 26 жастағы ұлын Шымкент жұқпалы аурулар ауруханасының медиктері мүгедек еткен. Енді жігіт не сөйлемейді, не өздігінен қозғалмайды.

Әйелдің сөзіне қарағанда, 2015 жылы Абдухамид жоғары температурамен ауруханаға түскен. Қияфат баласының жағдайы дәрігерлер диагноз қоя алмай, дұрыс емдемеген соң нашарлады деп есептейді. Ұлына пункция процедурасын екі рет өткізгенін айтады. Содан кейін асқынулар басталып, жас жігіт комаға түскен.

"Баламның қолдары мен аяқтары бұрала бастады. Дені сау бала тамағы ауырып барып, қазір өлместің күйін кешіп жатыр. Осы екі ай ішінде олар оны үйге беруді ұйғарды. Олар айтты: "Ол комада. Біз ештеңе істей алмаймыз", - деді Абдухамид Абдукадировтың анасы Қияфат Болквадзе.

Нәтижесінде Абдухамид ауруханадан мүгедек болып шықты. Оған не себеп болғанын дәрігерлер айтпаған. "Менингит" диагнозы қойылған. Баланың анасы дәрігерлерді немқұрайдылығы үшін айыптап, қызметтік тексеруді талап етті.

Қияфаттың сөзінше, мән-жайды зерттеген мамандар әріптестерін ақтаған жоқ.

"Олар облыстық ауруханадан Назира Асанқызын шақырды. Ол: "Мен бәріне қарап айтамын. Олар сіздің балаңызға қарамаған. Ол құлаған. Басынан соққы алған. Балаңыз ұзақ жатқан, "клиникалық" жағдайға түскен", - деді әйел.

Осыдан кейін Қияфат Болквадзе полицияға дәрігерлерге арыз берді. Алғашқы тергеу медициналық қателік жоқ екенін көрсетті және іс жабылды. Қияфат Бас прокуратураға жүгініп, қосымша сараптама жүргізді, оның нәтижелері медициналық көмек көрсету кезінде "емдеу-диагностикалық сипаттағы ақауларға жол берілгенін"көрсетті. Сарапшылар туыстарының талаптарын ішінара негізделген деп санады. 2018 жылы полиция тергеуді қайта бастады. Бірақ әлі күнге дейін нәтиже жоқ, деп шағымданады Қияфат.

"Олар істі шешуге тырысуда. Ұзаққа созылды. Біресе материалдар жоғалып кетеді, біресе ақша аударылмаған, енді бірде медициналық тексеріс ашылмаған, құжаттар қарағысы келмеді", - деді әйел.

Полиция бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатқанын хабарлады. Бірақ егжей-тегжейлер туралы айтылмайды. Тергеу "медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы" қылмыстық бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

"Қазіргі уақытта қылмыстық процеске қатысушылардан қосымша жауап алынуда. Қосымша комиссиялық сот-медициналық сараптама тағайындау мақсатында бірқатар іс-шаралар жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тиісті процестік шешім қабылданады", - деді Шымкент қаласы ПД тергеу басқармасының тергеушісі Бекжан Қыдырбаев.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасында бұл іске түсініктеме бермеген. Егер дәрігерлердің кінәсі расталса, олар үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал тергеу әділ болуы үшін Абдухамидтің анасы ел президентіне хат жазуды жоспарлап отыр.

Талқылау