Тәліптер жұмыс істеу және оқу құқығын талап етіп, шеруге шыққан әйелдерді күшпен таратты
13 тамызда "Талибан" қозғалысының өкілдері Кабулда жұмыс істеу және оқу құқығын талап еткен әйелдер шеруін жаншып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews арнасына сілтеме жасап.

Ауғанстан астанасының орталығына "Нан мен бостандық", "Білім – біздің құқығымыз", "15 тамыз – Ауғанстан үшін жауын-шашынды күн" деген ұрандармен 40-қа жуық әйел шықты. Наразы топ жұмыс істеу және оқу құқығын талап етті.
Акция бес минуттан сәл астам уақытқа созылды. Талибан көтерілісшілерді аспанға оқ атып таратты. Франс Пресс журналистінің айтуынша, қарулы адамдардың бірі жиналғандарға оқ атқандай кейіп танытқан.
Айта кетсек, бұған дейін тәліптер ауған әйелдеріне бетін және денесін толық жаппай көшеге шығуға тыйым салды.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”