Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Талибан" қыздардың жақын арада мектепке оралатынын мәлімдеді

Ауғанстан өтпелі үкіметіндегі ішкі істер министрлігінің өкілі Кари Саид Костя жақын арада қыздарға арналған мектептер мен университеттер ашылатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ауғанстан ішкі істер министрлігінің өкілі Кари Саид Хости Әл-Жазира телеарнасына берген сұхбатында жақын арада оқудың басталатын уақытын Білім министрлігі жариялайтынын хабарлады.

“Менің түсінігім мен ақпаратым бойынша, жақында барлық университеттер мен мектептер қайта ашылады, барлық қыздар мен әйелдер мектепке және мұғалімдік жұмыстарына оралады”, – деді ол.

Талибан жасөспірім қыздарға "қауіпсіз оқу ортасы" болғанға дейін мектепке бармау керектігін бұйырған. Бірақ барлық сыныптағы ұлдар мен бастауыш мектеп жасындағы қыздар мектепке қайта оралды.

1990-шы жылдардағы Талибан билігі кезінде Ауғанстандағы әйелдердің білім алуы және жұмысқа орналасуына заңды түрде тыйым салынған. Ауғанстандағы жаңа биліктің кейбір шектеу саясаттары "тәліптер бұрынғы қатал режимді қайталауы мүмкін" деген қорқынышты тудырды.

Өз кезегінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш осы айдың басында ауған әйелдері мен қыздарына қатысты Талибанның уәдесінде тұрмағанын айтып, айыптаған еді. Ол адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес міндеттемелерін орындауға шақырды.

 

Талқылау