"Тальго" пойызында кезекті оқиға: Жолаушы бойжеткенді зорламақ болды деп айыпталуда

"Тұлпар- Тальго" пойызында ер адам жолаушы қызды зорламақ болды деп айыпталуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

тальго

Бұл жайында Facebook әлеуметтік желісіндегі "Не молчи" қорында жазылған. Автордың сөзінше, бойжеткен жақында ғана 18-ге толған екен. Бұл оқиға 2 қыркүйекте болыпты. Бойжеткен мен ағасы "Тұлпар-Тальго" пойызына бірге отырған. Алайда, ағасы Қарағандыдан түсіп қалған. Қыздың жанына 60 жастағы ер адам жайғасыпты. 

"Өзін біреудің аймалап жатқанын сезгенде қыз қатып ұйықтап жатқан екен. Бір уақытта купенің есігі ашылып, жолсерік бір зат берген. Содан қайтадан біреу аймалай бастағанын сезеді. Бойжеткен орнынан тұрып жарықты қосып қалса, іш киіммен отырған ер адамды көреді. бірден жүгіріп барып жолсерікті шақырған", - деп жазады "Не молчи" қоры.

Бойжеткен өзін басқа купеге ауыстыруын өтініпті. Ары қарай болған жайтты ағасына жеткізген. Ол пойыз қызметкерлерінің полиция шақыруын талап еткен.

Бас көлік прокуратурасы бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 121-бабының 1-бөлігі «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"2 қарашада «Қарағанды-Сортировочная» станциясындағы желілік полиция бөлімі қылмыстық құрамның болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы шешім қабылдады. 8 қарашада Жезқазған көлік прокурорының шешімі алынып тасталды және істің барлық жағдайларын толық және объективті тексеруді қамтамасыз етуге бағытталған нақты жазбаша нұсқамалармен қосымша тергеуге қайтарылды", - деп хабарлады прокуратурада.

Айта кетсек, оның алдында "Тұлпар-Тальго" пойызында 35 жастағы әйелдің зорланғаны туралы хабарланған болатын. Оны екі жолсеріктің зорлағаны белгілі болды. Олар екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Айгүл Иманбаева: Баян енді басты рөлді бермесе, киноларына түспеймін

Иманбаева: Баян екеуміз қазір жақын қатынаста емеспіз

Ернар Айдар шетелдік әнші Арашпен бірге концерт бермек

Әли Оқапов: Мен өзге әншілердің танымалдығының арқасында көрермен жинағанды жек көрем

Көкшетаулық 16 жастағы қыз Нұр-Сұлтанда мас күйінде табылды

Бойжеткен үйіне оралудан бас тартты

Бағасы 11 мың теңге: Баян Алагөзова мен Ерке Есмахан арзан көйлек киіп жүр ме

Желі қолданушысы: Продюсердің көйлегі арзан бағадағы дүкеннен алынған көйлектің көшірмесіндей

Алматыда мас әйел тротуардағы жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Жаяу адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды

"Астана біздікі": Нұр-Сұлтанда қару ұстаған видео кейіпкері ұсталды

Күдікті бұрын сотталған жергілікті тұрғын болып шықты

Талдықорғандық тұрғын салық органын сотта жеңіп шықты

Сот үкімінде тұрғынның қарызының жоқ екені анықталды

Оралда 60 қымбат көліктің ортасында қыдырған ер адам ұсталды

Қазір жарияланбайтын нақты ақпарат бар

Айдар Тұрғанбек: Әйелімді қатты жақсы көре бастадым

Әнші: Екінші әйелімді ұшақпен алып қаштым

Көктайғақ, боран болады: Мамандар ауа райы болжамын айтты

Республиканың солтүстігінде және шығысында кей жерлерде қар жауады
Çàãðóçêà...