40 минуттан соң келген: Талғар тұрғыны жедел жәрдемді күтіп жатып көз жұмды (видео)
Талғар тұрғыны жедел жәрдемді күтіп жатып көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Желіде марқұмның жерде жатқаны түсірілген видео тарады. Видео авторының айтуынша, жедел жәрдем шақыртудан 40 минуттан соң келген.
Куәгерлер жедел жәрдемнің аталмыш мекенжайға бірнеше минутта жете алатынын айтады. Әзірге болған оқиға туралы басқа мәлімет жоқ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл факті бойынша тексеру жүргізетінін атап өтті.
"Бұл іс бойынша қызметтік тергеу тағайындалды. Тергеу нәтижесі бойынша ресми жауап беріледі", – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада жедел жәрдем дәрігерлері шақыртуларға таксимен баратыны туралы жазған едік.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ